Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысы Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерінің аса қауіпті бұзылуы – бағдаршамның қызыл түсіне өту – бойынша 10 225 құқық бұзушылықтың жолын кесті.
Абай облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Омаров Бауыржан:
“Жол қозғалысы ережесін сақтау тек заңның талабы ғана емес, әрбір жол қатысушысының өз өмірі мен өзгелердің өміріне деген жауапкершілігі болып табылады. Жүргізушілерге рөлде аса сақ болуға, бағдаршам сигналдарын қатаң сақтауға және жолдағы әрбір әрекетке саналы қарауға шақырамын. Бір ғана дұрыс шешім өмірді сақтап қалуы мүмкін. Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың қолымыздағы жауапкершілік. Сондықтан әр жүргізуші мен әр жаяу жүргінші жол ережесін сақтауды тек заң талап деп емес, адамдардың өміріне құрмет ретінде қарауы маңызды.”
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215829?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау