Астанада баспасөз хатшылары мен PR-мамандарына арналған семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің бастамасымен түрлі компаниялардың баспасөз хатшылары мен PR-коммуникация саласының мамандарына арналған «PR-навигатор: Кедергісіз байланыс» атты кәсіби семинар өтті.

Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат –  PR-қызметтер арасындағы өзара байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және корпоративтік коммуникация саласындағы тиімді әрі ортақ тәсілдерді қалыптастыру.

Семинарға қатысушыларды ҚР ӨҚМ Қоғамдық коммуникациялар департаментінің директоры Меруерт Ибраева құттықтап, қазіргі ақпараттық кеңістікте ашық диалог орнатудың, кәсіби коммуникация мәдениетін дамытудың және мекемелер арасындағы үйлесімді байланысты күшейтудің маңызын атап өтті.

«Бүгінде тиімді коммуникация – жай ғана құрал емес, қоғам, мемлекет пен бизнес арасындағы сенімді нығайтатын маңызды тетік. Мұндай алаңдар тәжірибе алмасып қана қоймай, ақпараттық кеңістіктегі сын-қатерлерге жедел әрі сапалы жауап бере алатын кәсіби ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді М. Ибраева.

Семинар барысында қатысушылар PR саласындағы заманауи үрдістерді, ақпараттық себеп қалыптастырудың тиімді тәсілдерін, ішкі коммуникацияны жүйелеу жолдарын және ақпараттық кеңістікте жедел әрі алдын ала әрекет етудің тетіктерін талқылады.

Кездесу аясында баспасөз қызметтері арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сарапшылардың медиадағы белсенділігін күшейту және корпоративтік коммуникация сапасын жаңа деңгейге көтеру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, көтерілген тақырыптардың өзектілігін және тәжірибелік кейстердің пайдалы болғанын ерекше атап өтті.

«PR-навигатор» семинары кәсіби орта өкілдерінің өзара тәжірибе бөлісіп, жаңа байланыстар орнатуына және коммуникация саласындағы болашақ серіктестік бағыттарын талқылауына мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1215830?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version