Жол қауіпсіздігі – басты назарда
Абай облысында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жарма ауданы аумағында Алматы–Өскемен автожолының 971–1013 шақырымы аралығында жол таңбаларын жаңартылуда. Аталған шараға әкімшілік полиция қызметкерлері мен жол пайдалану ұйымының мамандары жұмылдырылған.
Жол таңбаларын жаңарту – қозғалысты тиімді ұйымдастырудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алудың маңызды тетігі. Сапалы әрі айқын таңбалар жүргізушілерге дұрыс бағдар беріп, әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райында қауіпсіздікті арттырады.
Қауіпсіз жол – ортақ міндет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215831?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау