
Жол қауіпсіздігі – басты назарда
Абай облысында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жарма ауданы аумағында Алматы–Өскемен автожолының 971–1013 шақырымы аралығында жол таңбаларын жаңартылуда. Аталған шараға әкімшілік полиция қызметкерлері мен жол пайдалану ұйымының мамандары жұмылдырылған.
Жол таңбаларын жаңарту – қозғалысты тиімді ұйымдастырудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алудың маңызды тетігі. Сапалы әрі айқын таңбалар жүргізушілерге дұрыс бағдар беріп, әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райында қауіпсіздікті арттырады.
Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, заманауи материалдар қолданылуда. Бұл жолдың қызмет ету мерзімін ұзартып, қозғалысқа қолайлы жағдай жасайды.
Құрметті жүргізушілер! Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жылдамдық режимін сақтауларыңызды және жол белгілеріне мұқият болуларыңызды сұраймыз. Жолдағы тәртіп – сіз бен өзге қатысушылардың қауіпсіздігінің кепілі.
Қауіпсіз жол – ортақ міндет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1215831?lang=kk

Жауап қалдыру