Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № -04/609-И хатын орындау аясында мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша жүргізілген тәртіптік жаза қолдану тәжірибесіне қатысты талдау нәтижелерімен таныстырылды.
Осыған байланысты аппарат қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау, тәртіптік жаза қолдану тәртібі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша әзірленген жадынама (№ 1 қосымша) кеңінен түсіндіріліп, таныстырылды.
Сонымен қатар, заңсыз қабылданған шешімдердің күшін жою және оларды қайта қарау қажеттілігіне қатысты (№ 2 қосымша) тиісті шаралар қабылдау мәселесі назарға алынды.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану және оны мерзімінен бұрын алып тастау туралы уәкілетті тұлғалардың актілерін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне уақтылы енгізу қажеттілігі қосымша түсіндірілді.
Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/1215849?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау