Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс 42-сессиясы өтіп, 2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы қаралды.
Сессия жұмысына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қала әкімінің орынбасарлары мен мәслихат депутаттары қатысты.
Жиын барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ұсынылып отырған бюджет жобасы тек қаржылық құжат қана емес, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды жоспар екенін атап өтті.
Қала басшысының айтуынша, бюджет жобасында ең алдымен халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық берілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1215846?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау