1.Ұтымды және теңдестірілген тамақтану:
• Жоғары калориялы және төмен тағамдық құндылығы бар өнімдерді шектеу: тәттілер, кондитерлік бұйымдар, фастфуд, тәтті газдалған сусындар, чипстер, шұжық және консервіленген өнімдер.
• Тәтті сусындардың орнына таза ауыз суды ішу әдетін қалыптастыру.
• Рационды организмді талшықтармен, дәрумендермен және минералдармен қамтамасыз ететін көкөністер, жемістер, толық зерлі өнімдер мен бұршақтардың үлесін арттыру.
• Толыққанды ақуыз өнімдерін қосу: майлы емес ет, балық, жұмыртқа, сүт және қышқыл сүт өнімдері.
• Тұз және қантты тұтынуды бақылау, тамақтанудағы шамалылықты қалыптастыру және тамақтану режимін сақтау.
2. Жеткілікті физикалық белсенділік:
• Ұзақтығы кемінде 60 минут серуендеу, қозғалмалы ойындар, спортпен айналысуды қосқанда, күнделікті қозғалыс белсенділігі.
• Оқу қызметінен тыс 2 сағатқа дейін экрандардың (телевизор, компьютер, смартфон) алдында өткізілетін уақытты азайту.
• Ата-ананың баланың физикалық белсенділігіне белсенді қатысуы, қозғалысқа оң көзқарас қалыптастыру.
• Баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, спорт секцияларында және үйірмелерде айналысуын ынталандыру.
3. Күн және толыққанды ұйқы тәртібін сақтау:
Ұйқының жетіспеуі тәбетті және заттек алмасуын реттеуге жағымсыз әсер етеді, бұл артық салмақ жинауға ықпал етуі мүмкін. Балалар үшін ұсынылатын ұйқы ұзақтығы тәулігіне кемінде 9 сағатты құрайды.
4. Жүйелі медициналық бақылау:
Педоатрға жүйелі түрде қаралу дене даму көрсеткіштерін бақылауға, ауытқуларды уақтылы анықтауға және баланың өмір салтын түзетуге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда бейінді мамандар тартылуы мүмкін.
5. Денсаулықты сақтауға қатысты жағымды мінез-құлық әдеттерін қалыптастыру:
Баланың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу, дұрыс тамақтану дағдыларын, тәртіптілікті және белсенділікті қалыптастыру маңызды. Ата-ананың жеке үлгісі маңызды рөл атқарады, өйткені балалар, әдетте, отбасылық әдеттерді қабылдайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1216260?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау