Балкашино ауылында бірнеше жылдан бері каратэ Шинкиокушинкай және айкидзюцу бойынша қара белбеу иегері, жаттықтырушы Қайрат Қабдошев негізін қалаған жекпе-жек өнері мектебі жұмыс істеп келеді.
Алматы қаласында Әзербайжан, Мәскеу, Екатеринбург және Қазақстан өкілдерінің қатысуымен өткен шынайы айкидо бойынша халықаралық семинарда Қайрат Қабдошев шеберлік дәрежесіне арналған емтиханды сәтті тапсырып, шынайы айкидо бойынша қара белбеу иегері атанды.
1–3 мамыр аралығында жекпе-жек өнеріне ұқсас, алайда өзіндік ерекшеліктері бар ушу-саньдадан Ақмола облысының ашық чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа Ақмола облысындағы ММА, жекпе-жек өнері және кикбоксинг мектептерінің өкілдері қатысты.
Балкашино ауылының жекпе-жек өнері мектебінің спортшылары жарыста сәтті өнер көрсетті. Ғалымжанов Кәрім, Кенесары Мансур және Шаповалова Дарья өз жас ерекшелік санаттарында III- орын иеленді. Кужанова Камилля II- орын алды. Тутакаева Мира I- орын иегері атанды.
Жас спортшыларға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер және болашақ жарыстарда сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1216259?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау