Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Мерекелік жиынды ҚАЖД бастығы Ерлан Ұзақов құттықтау сөзбен ашып, егеменді еліміздің қорғаны – ұлттық әскеріміздің айбыны мен соғыс жылдарындағы ауыр кезеңде қан майданның ортасында Отан үшін от кешкен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерен ерліктеріне тоқталды. ҚАЖД қызметкерлері мереке күні қызмет бабында қаза тапқан әріптестері Айдарбек Сабырбековты бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
Салтанатты іс-шарада еңбекте жетістікке жеткен қызметкерлер марапатталып, бірқатар маман мен ардагерлерге төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Манас Тұяқбаев баяндама жасап, Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен еңбектің бар ауыртпалығын көтерген тыл еңбеккерлерінің қажыр-қайраты жайлы баяндады. Салтанатты іс-шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған офицерлердің ата-аналарына “Офицердің анасы”, “Офицердің әкесі” медальдары табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1216947?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау