Оңтүстік өңірлерге жүргізілген мониторинг жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Т.Қ. Абдыкуловтың жетекшілігі мен 5 мамырдан бастап «Биллинг» электрондық жүйесі арқылы жер телімінің ауданына негізделген су пайдалану есебінің келісімшарт талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында арнайы мобильді топ оңтүстік өңірлерге мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
 
Атап айтқанда, Жетісай және Мақтаарал аудандарының ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері басшылары мен кездесу барысында суды үнемді пайдалану жүйесіне байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «көлеңкелі нарықпен күрес», спутниктік мониторг жүргізу тізбегі жайында маңызды ақпараттар берілді.
 
Cонымен қатар, жер телімдеріне байланысты су пайдалану келісімшарттарының заңға сәйкестігі тексеріліп, су пайдаланушы мен су тұтынушы арасындағы шарттық қатынастарды цифрландыру жұмыстарына баса назар аударылды. 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1216946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version