Қамысқала ауылдық округінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері қарсаңында «Тағзым мен тағылым» атты әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталған іс-шара Қамысқала ауылдық округі әкімі аппараты мен жастар ісі жөніндегі нұсқаушының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Акция аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен тыл ардагеріне құрмет көрсетіліп, азық-түлік пакеттері табысталды.
Мұндай игі шаралар ардагерлерге құрмет көрсетуге, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін арттыруға және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау