Атырауда Ұлы Отан соғысының және Ішкі істер министрлігінің ардагері, милиция полковнигі Биғамбаев Қабдыраш Биғамбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы республикалық еркін күрес турнирі өтті. Турнирге Ресей Федерациясы, Дағыстан, Шешенстан, Татарстан және ҚР облыстарынан жиналған 280 жас балуан қатысты. Жарыс бозкілем шеберлерінің басын қосып қана қоймай, өскелең ұрпаққа батыр ардагердің ерлігі мен елге сіңірген еңбегін үлгі етуге бағытталды.
Турнир нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.
Айта кетейік, Ұлы отан соғысының жауынгері Қабдыраш Биғамбаев әскер қатарына 1944 жылы алынып, 13-атқыштар дивизиясының 365, 92 және 742-ші атқыштар полктерінде бөлімше командирі кызметін атқарады. 1959 жылдан бастап облыстық ішкі істер органдарында түрлі жауапты лауазымдарда еңбек етті. Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасында, кылмыстық іздестіру бөлімінде және қалалық ішкі істер бөлімінде басшылық қызметтер атқарып, кейін облыстық фельдегерлік қызмет бөлімін 12 жыл бойы басқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1216916?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау