9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашылары мен ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Ерлік елге мұра – ұрпаққа өнеге” атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді.
Кеш барысында оқырмандарға соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдер мен майдандағы жауынгерлердің қайсарлығы туралы мағлұмат берілді. Батырлардың ерлігі дәріптеліп, олардың ел үшін жасаған жанқиярлық істері кеңінен насихатталды.
Шара барысында оқушылар өлеңдер оқып, соғыс тақырыбындағы әндер шырқалып, кішкентай оқырмандар мың бұрала би де биледі. Шарада кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда соғыс тақырыбындағы әдебиеттер мен батырлар туралы кітаптар таныстырылды.
Кеш соңында қатысушылар батырлар рухына тағзым етіп, олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1216917?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау