Теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері төл мерекелеріне орай ұйымшылдық пен төзімділікті паш еткен патриоттық акция ұйымдастырды.
Жүгіру басталар алдында бригада командирі гвардия подполковнигі Азамат Сүлейменов жеке құрамға бастамалары үшін алғыс айтып, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бөлімшелер жүгіріске әскер тектерінің туларын көтеріп шықты. Теңіз жаяу әскерлерінің легі 10 шақырымдық қашықтықты сенімді еңсеріп, жоғары дене дайындығы мен ұйымшылдық көрсете алды. Бәрінен бұрын 4 жастағы Бек Әлиұлы көрермен назарын өзіне аударды. Жуырда ғана теңіз жаяу әскері қатарына символикалық қабылдау рәсімінен өткен ол әскери қызметшілермен бірге жүгіруге қатысты. Жас патриот қашықтықтың едәуір бөлігін өздігінен жүгіріп өтті. Офицерлер мен сержанттар оған қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырды. Ал ең қиын тұстарда оны көтеріп алып жүрді. Бектің төзімділігі, табандылығы және теңіз жаяу әскерлерімен бірге қашықтықты толық өтуге деген шынайы талпынысы ұрпақтар сабақтастығының, бірлік пен жауынгерлік бауырластық дәстүрлеріне адалдықтың жарқын символына айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1216972?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау