Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде» өткен үстел теннисінен жастар арасындағы Орталық Азия командалық чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.
Аудан әкімі жарысқа қатысушы жас спортшыларға сәттілік тілеп, тартысты бәсекеде жоғары нәтиже көрсетуіне тілектестік білдірді. Сонымен қатар, салтанатты шара барысында спортшылар арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылып, үстел теннисінен шеберлік ойындары көрсетілді. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мәслихат депутаттары және спорт саласының өкілдері қатысты.
2026 жылдың 7–11 мамыр күндері өтетін чемпионатта 15–16 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалық және жекелей сындар бойынша бақ сынайды. Халықаралық жарысқа Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген командалар, сондай-ақ Қарағанды, Өскемен, Орал, Қостанай, Тараз, Шымкент, Алматы, Қызылорда және Түркістан өңірлерінің спортшылары қатысуда. Жалпы чемпионатқа 200-ге жуық жас спортшы қамтылған.
Айта кетсек, аталған жарыстың негізгі мақсаты – Орталық Азия мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу және үстел теннисі спортын дамыту.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1216973?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау