Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов «Салтанат» би ансамблінің шығармашылық ұжымын қабылдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында халықаралық және республикалық деңгейде табысты өнер көрсетіп жүрген ансамбльдің жетістіктері атап өтілді. Аз уақыт ішінде кәсіби шеберлігін дәлелдеген ұжым түрлі байқаулардың лауреаты атанып үлгерді. Ұжым жетекшілері – «Өнер саласының үздігі» Бұлбұл Ғайноллақызы мен «Мәдениет саласының үздігі» Мейрамгүл Серікқызының еңбегі ерекше аталды.

Ансамбль ұлттық би өнерін заманауи бағытта дамытып, қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттап келеді. Түркия Республикасында өткен халықаралық фестивальдерде жоғары нәтижелер көрсетіп, «Үздік хореография» номинациясын иеленуі – соның айғағы.

Сондай-ақ Маниса қаласында өткен тарихи «Месир пастасы» фестиваліне бірнеше жыл қатарынан арнайы шақыртумен қатысуы – ұжымның жоғары деңгейін білдіреді.

Қала әкімі ансамбль мүшелеріне алғыс білдіріп, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1216337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version