«NOEXTREMISM, NOTERRORISM» жобасы аясында Қажымұқан атындағы стадионда «Ордабасы-Оқжетпес» футбол матчы барысында жастар арасында ауқымды флешмоб өтті. Іс-шараны 16 мыңнан астам көрермен тамашалады.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясына төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру, радикалды діни ағымдардың салдары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ діни иммунитетті нығайту болып табылады.
Флешмобқа 1000-нан астам жас қатысып, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылық қағидаттарын қолдайтын белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Қатысушылар «NOEXTREMISM, NOTERRORISM» жазуы бар бірыңғай формамен акцияның көрнекі өтуін қамтамасыз етті.
Іс-шара екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде стадионның кіреберісінде ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылса, екінші кезеңде арнайы секторда орналасқан жастар «NOEXTREMISM, NOTERRORISM» жазуы бар баннерді синхронды түрде ашты.
Іс-шара қорытындысы бойынша жастардың жоғары деңгейде тартылғаны, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі атап өтілді.
Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1216338?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау