Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетіп, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғап жүрген азаматтарға көрсетілетін ерекше құрметтің белгісі.
1992 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылып, егемен еліміздің қорғаныс жүйесінің берік негізі қаланды. Бүгінде кәсіби әрі заманауи әскеріміз – мемлекет қауіпсіздігінің сенімді тірегі.
Ата Заңымызда тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты қорғау, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау – мемлекет пен әр азаматтың ортақ міндеті ретінде айқын көрсетілген. Сіздердің күнделікті қызметтеріңіз осы конституциялық құндылықтардың нақты көрінісі. Заң мен тәртіпке сүйенген қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолындағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық.
Отанды қорғау – әр азамат үшін қасиетті парыз. Бұл жолда әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласының мамандары үлкен жауапкершілік пен адалдық танытып келеді. Сіздердің табанды еңбектеріңіз бен антқа адал қызметтеріңіз қоғам тұрақтылығы мен халық тыныштығының кепілі.
Отан қорғаушылар күні – батырлық пен ерліктің, отансүйгіштік пен жауапкершіліктің мерекесі. Бұл күн бізге бейбіт өмір сыйлаған аға буынның ерлігін еске салып, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейді.
Бүгін біз әскери сала қызметкерлеріне ғана емес, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барлық ер-азаматтарға құрмет білдіреміз. Әрқайсыңыздың еңбектеріңіз ел дамуы мен қоғамның берекесіне қосылған маңызды үлес.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Орал қаласының әкімі М.Байменов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1216240?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау