Жамбыл облысының құтқарушысы мемлекеттік наградамен марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

тан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдарының үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табысталды. Марапатталғандардың қатарында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау сержанты Мұрат Анашов та бар. Мұрат Анашовқа қызметтік борышын адал атқарғаны, жоғары кәсібилігі, батылдығы мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдағы елеулі еңбегі үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені Рақымжан Қошқарбаевтың атымен табысталды. Бұл жоғары марапат – құтқарушының күнделікті қажырлы еңбегі мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі адал қызметінің айқын көрінісі.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1216239?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version