«Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының волонтерларының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен Алматы қаласындағы №11 кәмелет жасқа толмаған сотталғандар арасында тәрбиелік-әлеуметтік бағыттағы іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында тәрбиеленушілерге сурет салудан шеберлік сағаты ұйымдастырылып, негізгі әдіс-тәсілдері көрсетілді. Бағдарламаның мақсаты – жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамыту, зияткерлік ойлау деңгейін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолдау көрсету.
Сонымен қатар, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай волонтерлер тобы тәрбиеленушілерге арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Концерт барысында патриоттық рухтағы әндер орындалып, тәрбиелік мәні зор шығармашылық нөмірлер көрсетілді.
Іс-шара соңында мекемедегі тәрбиеленушілерге демеушілер тарапынан шахмат тақталары, дойбы ойындары және спорттық ракеткалар сыйға тартылды. Бұл қолдау жасөспірімдердің спортқа, зияткерлік ойындарға және пайдалы әлеуметтік ортаға қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Аталған шара тәрбиеленушілердің рухани-адамгершілік дамуына оң әсер етіп, қоғаммен байланысын нығайтуға және болашаққа сеніммен қарауына ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1216941?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау