Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Ардагерім – ардағым» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай тыл еңбеккері Лезерова Мария апамызға құрмет көрсету мақсатында «Ардагерім – ардағым» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында оқушылар Мария апамыздың үйіне барып, үй шаруасына көмектесіп, аула аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ардагерге ерекше құрмет көрсетіп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді.

Бұл игі шараның негізгі мақсаты – тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін ұлықтау, жас ұрпақтың бойында адамгершілік, патриоттық қасиеттерді қалыптастыру және үлкенге құрмет көрсету дәстүрін дәріптеу.

Осындай тағылымы мол іс-шаралар өскелең ұрпақтың елжандылық рухын арттырып, қоғамдағы бірлік пен сыйластықты нығайта түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1216940?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version