Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Алматы Орталық Азиядағы іскерлік, туристік және мәдени орталық ретіндегі орнын нығайтып қана қоймай, халықаралық жаңа гастрономиялық бағыт ретінде де қарқынды дамып келеді. Өңір тарихында алғаш рет қала әлемдегі ең беделді мейрамхана гидтерінің бірі Gault&Millau-мен ынтымақтастықты бастайды.

Бұл Алматы үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін стратегиялық маңызға ие. Мұндай деңгейдегі гастрономиялық гид алғаш рет өңір нарығына шығып, халықаралық қауымдастыққа жергілікті мейрамхана индустриясын, аспаздарды және бірегей гастрономиялық мәдениетті таныстырады.

Gault&Millau — 50 жылдан астам тарихы бар аңызға айналған француз гастрономиялық гиді. Ол Michelin Guide-пен қатар жоғары асхана саласындағы басты әлемдік бағдарлардың бірі. Гидтің Алматыда болуы қаланың жаһандық гастрономиялық экожүйеге енуін білдіреді. Мұнда жаңа трендтер қалыптасып, үздік мейрамханалар айқындалып, жаңа туристік бағыттар жасақталады.

«Алматы үшін бұл халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға. Бүгінде гастрономия қалалардың туристік тартымдылығын арттыратын негізгі факторлардың біріне айналып отыр. Gault&Millau-мен серіктестік Алматыға гастротуристердің жаһандық аудиториясына жол ашып, қаланың әлемдік туристік картадағы орнын күшейтеді», — деді Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері.

Бүгінде Алматы тау туризмі, табиғат және мәдени мұра ғана емес. Бұл қарқынды дамып келе жатқан мейрамхана индустриясы, сапалы жергілікті өнімдер, дарынды аспаздар шоғырланған және Орталық Азияның жетекші гастрономиялық хабына айналуды мақсат еткен заманауи мегаполис.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1217220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version