Аналар күніне орай Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында «Quiz BATTLE» интеллектуалды ойынының І турнирі өтті
Іс-шараның мақсаты – ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қызықты әрі тартысты өткен сайыста қатысушылар білім мен тапқырлықтарын көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Интеллектуалды ойынға 7 команда қатысты:
• Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі
• М. Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжі
• Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі
• Ақтау өнер колледжі
• Қайнар колледжі
• «Болашақ» Каспий өңірі колледжі
• Есенов колледжі
Турнир барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Командалар жоғары белсенділік танытып, білімдері мен зеректіктерін ортаға салды. Зияткерлік сайыс ұстаздар қауымының шығармашылық әлеуетін арттырып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.
Турнир қорытындысы бойынша:
I орын — Есенов колледжі
II орын — Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі
III орын — Қайнар колледжі.
Шара соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1217219?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау