Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД жас қызметкерлері ант қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жас қызметкерлердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Сонымен қатар мінсіз қызметтері үшін қызметкерлер ІІМ, ҚАЖК-нің марапаттарымен марапатталды. Алғашқы, кезекті шеңдерін алды.

Іс-шара жеке құрамның салтанатты шеруімен басталып, бұл оқиғаға ерекше маңыз беріп, заң мен қоғамға қызмет етудің жауапкершілігін айқындай түсті.

Құттықтау сөз сөйлеген Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары А.Н. Кульмуханбетов ант қабылдау – бұл жай ғана рәсім емес, үлкен жауапкершілік пен абыройды, қызметтік борышқа адалдықты талап ететін маңызды қадам екенін атап өтті. Ол жас қызметкерлерге табандылық, кәсіби өсу және таңдаған мамандығына адал болуды тіледі.

Іс-шараның ерекше бөлігі – қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерінің қатысуы болды. Олар өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, ұрпақтар сабақтастығы мен қызмет дәстүрлерінің маңыздылығын көрсетті.

Бұл күні жас қызметкерлер ресми түрде қылмыстық-атқару жүйесінің қатарына қабылданып, заңды сақтауға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға және қызметкер атағын абыроймен алып жүруге ант берді.

Салтанатты рәсім жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең және олардың қызмет жолының бастауы болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217182?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version