Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталғандар арасында шығарма байқауы өткізілді. Іс-шара сотталғандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталды.
Байқау аясында қатысушыларға «Менің түзелу жолым және жаңа өмір», «Мен үшін бостандық пен жауапкершілік нені білдіреді», «Босап шыққаннан кейін өз болашағымды қалай елестетемін» тақырыптарында жеке ой-толғаныстарын жеткізу ұсынылды. Бұл бағыттар сотталғандарға өз өмірлік тәжірибесін тереңірек саралауға, құндылықтарын қайта қарауға және болашаққа мақсат қоюға мүмкіндік берді.
Сотталғандар байқауға белсенді қатысып, өз жұмыстарында шынайы сезімдерін, өзгеріске деген ұмтылысын және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға дайын екендігін көрсетті.
Жалпы байқауға 14 сотталған қатысты. Қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың жеке тұлға ретінде дамуына, оң өмірлік ұстанымдарды қалыптастыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217185?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау