Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қоржынымыз күміс жүлдемен толықты.
+78 келідегі Кәмила Берліқаш финалдық белдесуде Ресей спортшысы Елис Старцевамен жолығып, ауырту әдісімен қарсыласына жол берді.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. Леон Минкада-Какуену (Франция)
✅1/4 финал. Джиованна Сантос (Бразилия)
✅1/2 финал. Аида Тойшыбекова (Қазақстан)
Кәмила Берліқаш өз мансабында небәрі екінші мәрте ғана Grand Slam-ның финалына шыға алды. Бұған дейін ол 2023 жылы Abu Dhabi Grand Slam-да күміс жүлде иеленген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1217243?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау