ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов шығысқазақстандықтарды Аналар күнімен құттықтады.
«Әр адамның өміріндегі ең қастерлі сөз – «ана» сөзі. Мейірім мен махаббатқа толы ана жүрегінен отбасының жылуы, ізгілік, сыйластық пен болашаққа деген сенім бастау алады. Шығыс Қазақстандағы барша аналарға күн сайын балалары мен отбасыларына жылу, қамқорлық пен күш сыйлап жүргендері үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Нұрымбет Сақтағанов.
Өңір басшысы барлық аналарға зор денсаулық, амандық пен шаңырақтарына тыныштық тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1217261?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау