Панфилов ауданында «Балаларға соғыс туралы оқимыз» патриоттық іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Панфилов ауданында Славян этномәдени орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру мақсатында «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты патриоттық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлікке толы тарихын жас ұрпақтың санасына сіңіру, тарихи жадыны сақтау, сондай-ақ балалардың өз елінің тарихына, ардагерлер мен Отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Кездесу барысында қатысушыларға соғыс тақырыбындағы көркем шығармалар мен әңгімелер оқылып, онда суреттелген ерлік, батылдық, төзімділік пен жанқиярлық туралы кеңінен айтылды. Оқылған шығармалардың мазмұны талқыланып, балалар бейбіт өмірдің қадірін, жауынгерлер ерлігінің маңызын және өткен тарихты ұмытпаудың қажеттілігін тереңірек түсінді.

Балалар іс-шараға белсенді қатысып, өз ойларымен және әсерлерімен бөлісті. Олар ерлік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен үлкен буынға құрмет көрсету туралы пікір алмасты. Кездесу барысында ерекше тағылымды әрі әсерлі атмосфера қалыптасты.

Осындай патриоттық бағыттағы іс-шаралар жастардың бойында азаматтық жауапкершілікті, рухани құндылықтарды және туған жерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар тарихи мұраға деген құрметті арттырып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, бейбітшілік пен бірліктің маңызын дәріптейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1217214?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version