ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Азат Оралбаев Шұбар ауыл округіне қарасты бірқатар инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы Береке ауылын ауызсумен қамту жүйесінің жұмысын көрді. Қазіргі таңда Береке ауылындағы 600 абонент ауызсуды Шұбар ауылындағы су жүйесі арқылы тұтынып келген. Бүгінде Шұбар ауылынан қосымша су ұңғымасы қазылып, жалпы 1100 абонент ауызсумен қамтылып отыр.

Аталған жоба су қысымын екі бағытта біріктіру арқылы тұрғындарды тұрақты әрі жеткілікті көлемде ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар жүйе екі бағытта жұмыс істеуге бейімделген. Яғни бір су көзі уақытша тоқтаған жағдайда, екіншісі автоматты түрде іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді.

Нысанды аралау барысында аудан әкімі салаға жауапты мекеме басшыларына ауызсудың талапқа сай әрі тұрақты берілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе электр қуатының өшуіне байланысты ауызсудың кешігуіне жол бермеу қажеттігін атап өтті.
Өз кезегінде жауапты бөлім басшысы нысан аумағына қосымша трансформатор орнатылғанын жеткізді.

Мұнан соң аудан әкімі Шұбар ауылындағы ашық футбол алаңының құрылысымен танысты. Жоба аясында алдағы уақытта ойын алаңы жанынан балалар ойын алаңшасының құрылысы басталатыны айтылды.

Сонымен қатар орталық көше бойында жаяу жүргіншілер жолы салынып, ауыл әкімдігі маңы абаттандырылып, қажетті инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1217253?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version