Сенім ұялататын учаскелік полицей: Абай облысында тәртіп сақшысы ауыл тұрғындарын интернет-алаяқтардан қорғау үшін үйлерді аралауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бесқарағай ауданының Мостик ауылында учаскелік полиция инспекторы Асет Сагадиев интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында үй-жайларда профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Ол үйлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, отбасылармен әңгімелесіп, қазіргі таңда алаяқтардың қандай тәсілдерді қолданатынын жан-жақты түсіндіруде: «банктерден» қоңырау шалу, жалған инвестициялар, SMS арқылы келген кодтарды айтқызу, несие рәсімдеу және «қауіпсіз шоттарға» ақша аударту.

Учаскелік инспектор әсіресе қарт адамдарға және онлайн-сервистерді сенімді қолдана бермейтін тұрғындарға ерекше көңіл бөлуде. Ауыл тұрғындары үшін ол жай ғана заң өкілі емес, сенім артатын, кеңес пен көмек сұрайтын адам.

— Біздің міндетіміз — адам ақшасынан айырылып қалмай тұрып, қауіптің алдын алу. Ауылда тұрғындар өз учаскелік полицейін жақсы таниды, оған сенеді, сондықтан тікелей қарым-қатынас профилактиканың ең тиімді тәсілі болып қала береді, — деп атап өтті Абай облысы Полиция департаменті.


Полиция ескертеді:
 бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді айтуға және белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аударуға болмайды. Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version