Абай облысында өткен жеңіл атлетикадан Абай облысының чемпионаты тек спорттық тартысқа ғана емес, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған маңызды алаңға айналды. Жарыс барысында қатысушыларға есірткінің қоғамға тигізер зияны мен оның адам өміріне әкелетін ауыр салдары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
— «Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда жастарды теріс жолға итермелейтін қауіптер аз емес. Соның ең ауыры — есірткі дерті. Есірткі — адамның денсаулығын ғана емес, оның арманын, отбасын, болашағын құртады. Ал спорт — адамға күш береді, сенім береді, өмірге құштарлық сыйлайды. Сондықтан біз жастарды спортпен дос болуға, уақытты тиімді өткізуге және заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Әр жас өз өмірінің чемпиондары болуы керек», — деді полиция капитаны Думан Үкіжанов.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және спорт арқылы оң құндылықтарды қалыптастыру мақсатында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217313?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау