Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау, инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында «Инвест Керуен» жобасы аясында Шардара ауданында маңызды кездесу ұйымдастырылады.
Аталған іс-шараға Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлы қатысып, аудан аумағындағы инвесторлармен, кәсіпкерлермен және ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен ашық форматта пікір алмасады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы», «Кәсіпкерлік кодексі», сондай-ақ инвестициялық қызмет пен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған өзге де нормативтік-құқықтық актілер аясында кәсіпкерлік саласында туындап отырған өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады.
Сонымен қатар:
— кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау,
— инвестициялық жобаларды сүйемелдеу,
— мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысындағы мәселелер,
— жер, инфрақұрылым, рұқсат құжаттары мен мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түйткілдер,
— заң талаптарын түсіндіру және құқықтық қолдау көрсету мәселелері кеңінен сөз болады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында ашық диалог алаңын қалыптастыру, кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға ықпал ету.
Кездесуге аудан көлеміндегі кәсіпкерлер, инвесторлар, шаруа қожалықтарының жетекшілері, сала мамандары және кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.
Барша кәсіпкерлер мен инвесторларды аталған кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218030?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау