Жарқайың аудандық мәслихатының 8-шақырылымының кезектен тыс 67-сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 мамырда Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8-шақырылымының кезектен тыс 67-сессиясы өтті.

Отырыс барысында депутаттар «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-62/2 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселені қарады.

Аталған мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б. Ахметова баяндама жасады. Талқылау аясында бюджеттік көрсеткіштерді нақтылау, қаражатты қайта бөлу және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар айтылды.

Қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1218031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version