Мұнайлы ауданы аумағында масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 12–17 мамыр аралығында «Алкогольді тоқтату» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық орындарда, көшелерде және тұрмыстық салада орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда:
• қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішіп жүрген азаматтарды анықтау;
• масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу;
• тұрмыстық жанжалдар мен отбасылық құқық бұзушылықтардың жолын кесу;
• кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін заңсыз сатуды анықтау;
• профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында шаралар қабылдануда.
Полиция қызметкерлері азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат беруде.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзған азаматтарға қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімі тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын құрметтеуге және қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.
https://www.instagram.com/p/DYPKVRUioDo/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1218168?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау