Сессия отырысына Қостанай қаласының әкімінің міндетін атқарушы Алмат Исмағұлов, Қостанай облысының Ревизиялық комиссиясының мүшесі Ренат Досаев, Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Қожуков, Қостанай жылу-энергетикалық компаниясының басшысы Азамат Әужанов, Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі ретінде Қостанай қаласының 2025 жылғы бюджетінің орындалуы бекітілді. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 128-бабына сәйкес бұл мәселе тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала егжей-тегжейлі қаралып, маслихаттың кезекті сессиясына бекіту үшін енгізілді.
2024 жылғы 30 желтоқсандағы №147 «Қостанай қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» маслихат шешімімен Қостанай қаласының 2025 жылғы бюджетінің негізгі көрсеткіштері бекітілді: кірістер бойынша – 121 млрд 380 млн 993 мың теңге, оның ішінде салық түсімдерінің көлемі – 85 млрд 802 млн 082 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 574 млн 937 мың теңге, негізгі капиталды сатудан түсімдер – 14 млрд 654 млн 984 мың теңге, трансферттер түсімі – 20 млрд 348 млн 990 мың теңге; шығыстар бойынша – 124 млрд 071 млн 061 мың теңге. Бюджет тапшылығы (артықшылығы) – -4 млрд 555 млн 467 мың теңге.
Есепті кезеңде көрсетілген маслихат шешіміне 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, нәтижесінде: жалпы кіріс көлемі 118 млрд 417 млн 779 мың теңге сомасында бекітілді; шығыстар – 123 млрд 688 млн 558 мың теңге; бюджет тапшылығы (артықшылығы) – -7 млрд 808 млн 635 мың теңге; қаланың жергілікті атқарушы органының 2025 жылға арналған резерві 723 млн 241 мың теңге сомасында.
Жыл бойынша жалпы алғанда меншікті кірістер 4 млрд 709 млн 345 мың теңгеге азайды: салық түсімдері бойынша 5 млрд 796 млн 398 мың теңгеге өсу, салықтық емес түсімдер бойынша 809 млн 673 мың теңгеге өсу, негізгі капиталды сатудан түсімдер бойынша 11 млрд 315 млн 417 мың теңгеге төмендеу (негізінен азаматтарға пәтерлерді сатудан түсімдердің төмендеуіне байланысты, өйткені Отбасы банкінің тұрғын үй таратудың жаңа жүйесін енгізу және қызметті кейінірек қалпына келтіру себепті жаңа келісімшарттарды жасауды уақытша тоқтату).
Ұсынылған есептің деректері бойынша нақты орындалуы келесідей:
– бюджеттің кіріс бөлігі 104,8% орындалды (жоспар 122 млрд 427 млн 863 мың теңге болса, нақты орындалу 128 млрд 348 млн 240 мың теңге құрады):
1-3 санаттағы кірістер бойынша жоспар 96 млрд 322 млн 657 мың теңге болса, 102 млрд 243 млн 035 мың теңге түсті, жоспар 106,1% орындалды, артық орындалу 5 млрд 920 млн 377 мың теңге құрады;
26 млрд 105 млн 205 мың теңге трансферт түсті (орындалу 100% құрады).
– бюджеттің шығыс бөлігі 99,8% орындалды (жоспар 127 млрд 699 млн теңге болса, нақты орындалу 127 млрд 382 млн теңге құрады).
Облыстық бюджетке аударылатын бюджеттік шегерімдер 56 млрд 306 млн теңге сомасында толық көлемде және уақытында аударылды.
2025 жылдың соңындағы бюджет қаражатының қалдығы Бақылаулық қолма-қол ақша есебінде 6 млрд 255 млн теңге құрады.
Пайдаланылмаған бюджет қаражатының қалдықтары 316 млн теңге немесе 99,8% құрады (2024 жылы қалдық 124 млн теңге болды).
Бюджет қаражатын игермеу бөлімдерге тиесілі болды: ТҚЖ бөлімі – 233 млн теңге, құрылыс бөлімі – 64 млн теңге.
2026 жылғы 1 қаңтарға қарай Қостанай қаласының бюджеті бойынша дебиторлық берешек 2025 жылғы 1 қаңтардағы есептік деректермен салыстырғанда 113 млн 293 мың теңгеге азайып, 3 млрд 555 млн 375 мың теңге құрады. Бар берешек сомасының ішінде алдын ала төлемдерге 3 млрд 507 млн 784 мың теңге немесе жалпы соманың 98,6%-ы келеді.
Қала бюджеті бойынша кредиторлық берешек 2025 жылғы 1 қаңтардағы есептік деректермен салыстырғанда 2,5 есеге немесе 137 млн 798 мың теңгеге азайып, 94 млн 762 мың теңге құрады.
Жалпы алғанда, Қостанай қаласының 2025 жылғы бюджетінің негізгі көрсеткіштері нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып, орындалды.
Екінші мәселе ретінде 2025-2026 жылдарғы жылыту маусымын өткізудің қорытындылары және алдағы 2026-2027 жылдарғы жылыту маусымына дайындық бойынша міндеттер бекітілді.
Атап өткен жөн, бұл мәселе де комиссиялардың бірлескен отырысында алдын ала қаралып, маслихат сессиясына бекіту үшін енгізілді. Күн тәртібінің екі мәселесі де депутаттардың бірауыздан шешімімен бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1218166?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау