ШҚО патрульдік полицейлері жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО патрульдік полицейлері жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Таңертең Өскемен — Шемонаиха тасжолының 9-шақырымында 437 борт нөмірлі қызметтік автокөлікпен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып тұрған.

Глубокое кенті жағынан полицейлерге қарай бір автокөлік келіп тоқтап, жүргізуші көмек сұраған. Ер адам көліктегі жүкті әйелінің толғағы басталғанын және жедел жәрдем бригадасы уақытында келіп үлгермейтінін хабарлаған.

Полиция аға лейтенанты Ерасыл Слямканов пен полиция лейтенанты Аян Болатбековтен құралған ПА-437 экипажы азаматтың өтінішіне жедел ден қойды. Олар арнайы жарық шамдарын қосып, автокөлікті Ана мен бала орталығына дейін жедел бастап барды.

Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында әйел адам медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1217983?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version