Жеңіс саябағында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Мәңгілік алауға» Даңқ гирляндасы мен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, Семей қалалық мәслихатының төрағасы Еркен Сағандыков, ардагерлер, әскери қызметкерлер мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында «Жасұлан» лицейінің курсанттары Даңқ гирляндасын қойып, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен майданда қаза тапқан батырларды еске алу рәсімі өтті. Жиналған қауым «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен ерлер рухына тағзым етті.
Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, әскери-патриоттық әндер орындалды.
Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі – ұрпақ жадында мәңгі сақталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1217984?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау