Бүгін Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан «№1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де орын алған топтық жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиға орын алған жерге арнайы барып, мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы Серіктестіктің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау