Павлодар облысында екі кәмелетке толмаған баласына бірнеше жыл бойы материалдық көмек көрсетуден жалтарған 46 жастағы ер адам ұсталды. Оның алимент бойынша қарызы 7 миллион 600 мың теңгеге жеткен.
Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қанат Сартов жиналған қомақты қарыз тергеу бастауға негіз болғанын хабарлады.
– Алимент төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жыл басынан бері өз балаларына алимент төлеуден жасырынған 75 азамат анықталып, жауапкершілікке тартылды. Ата-аналық міндеттерді елемеу қатаң құқықтық салдарға әкелетінін білу маңызды: әкімшілік жауапкершілік — айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе әкімшілік қамауға алу, ал қасақана және жүйелі түрде жалтарған жағдайда 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.
Полиция қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға заңнан жасырынбауға кеңес береді. Мұндай жағдайда төлем көлемін заңды түрде реттеу үшін сотқа немесе сот орындаушыларына дер кезінде жүгіну қажет, істі қылмыстық жауапкершілікке дейін жеткізбей.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1218929?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау