Алматы қаласы Медеу ауданының «Думан» шағынауданында 2026 жылдың II тоқсанында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою және сумен жабдықтау жүйесінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 2 шешіміне сәйкес, тұрғындарды сенімді және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты шағынаудан аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Жоба Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және халықты тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда.
Жұмыстар аясында жалпы көлемі 2000 м³ болатын екі таза су резервуарын салу, учаскенің тіреу конструкцияларын орнату, диаметрі 273 мм болатын ұзындығы 3,5 км екі желілі магистральдық су құбырын салу, сондай-ақ диаметрі 273 мм болатын ұзындығы 1 км екі желілі авариялық құбыр тарту көзделген.
Жобаны іске асыру сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға және «Думан» шағынауданы тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-energy/press/news/details/1219199?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау