Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындарға атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаларды түсіндіру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және халықпен кері байланысты нығайту болды.
Іс-шара барысында тұрғындарға алимент өндіру, қарыздарды мәжбүрлеп өндіру, сот актілерін орындау тәртібі, борышкерлер мен өндіріп алушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтардың жеке сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, тиісті жауаптарын алды. Мұндай кездесулер халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын түсіндіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
Алдағы уақытта да тұрғындармен осындай түсіндіру және қабылдау кездесулері тұрақты түрде жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1219198?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау