Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Минск қаласында ТМД Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы ұйымдастырған «Адам құқықтарының денсаулыққа қатысты өзекті мәселелері» атты халықаралық конференцияға қатысты.
ТМД мемлекеттері Басшылары Кеңесінің шешімімен Достастық кеңістігінде 2026 жыл Денсаулық сақтау жылы болып жарияланды, бұл адамның денсаулыққа деген құқығын қамтамасыз ету және сапалы медициналық көмекке қол жеткізу мәселелерінің ерекше өзектілігін көрсетеді.
Конференцияға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының, ұлттық құқық қорғау институттарының, медициналық және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Екі тақырыптық сессия барысында қатысушылар денсаулыққа құқықты қорғаудың өзекті мәселелерін және осы үдерістегі құқық қорғау институттарының рөлін, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын, биомедициналық сын-қатерлердің, трансплантологияның, психикалық және репродуктивті денсаулықтың құқықтық аспектілерін, контрафактілі дәрілік заттардың айналымына қарсы іс-қимылды талқылады.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар ТМД кеңістігінде адам құқығын қорғау тетіктерін одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен өтініш (қарар) жобасын қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1219140?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау