ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ОҚУШЫЛАР ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан облысы Қазығұрт ауылының «Qazygurt» командасы Грекияда (Коринф қ.) өткен Open International Championship 2026 халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды.
Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар Champions Award номинациясында екінші орын иеленді.
Құрамада Бауыржанқызы Арайлым, Абдрай Ернұр, Жаркинбек Інжу, Амангельдиев Абзал, Жетпіс Ерасыл, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Кенесов Диас өнер көрсетті. Олар Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде және А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте оқиды.
Команданың жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастан Ербол, Үстенов Нұрсұлтан, Нышан Қайыркен және Әлімқұлов Қуаныш.
«Qazygurt» командасы халықаралық чемпионатқа жолдаманы Alem Tech Fest жарысында жеңіп алған болатын. Аталған жарысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен USTEM Foundation және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған. Команда халықаралық додаға шамамен бір жыл дайындалып, жоғары нәтиже көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1219139?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version