Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округі, Бершінтөбе елді мекенінде электрмен қамту инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жоба аясында желілерді ауыстыру және жаңа нысандар орнату шаралары қолға алынған.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Елді мекенде мердігер мекеме мамандары және ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Жоба Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес елді мекендегі 70 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, қуаттылығы 250 кВА болатын трансформатор орнатылып, 4600 метр электр желісі жаңартылады. Бұдан бөлек, 123 бетон бағана қою қарастырылған. Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары атқарылуда.
– Халықты тұрақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан елді мекендердегі инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Әрбір жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталуы қажет, – деді Мақсат Таңғатаров.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба толық аяқталғанда Бершінтөбе елді мекеніндегі тұрғындардың электр қуатын пайдалану сапасы артады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1219072?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау