ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Аудан басшысы майдан даласында болмаса да, тылда аянбай еңбек етіп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыстады.
Ардагерлердің үйлеріне барған аудан әкімінің жанында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ел ағалары да болып, аға буын өкілдеріне ізгі тілектерін жеткізді. Кездесу барысында тыл еңбеккерлерінің ел үшін атқарған еңбегі ерекше атап өтіліп, олардың өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екені айтылды.
Мерекелік құрметке ие болған тыл еңбеккерлері қатарында Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны Айман Қылибаева, Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны Зерикуль Ондасынова және Қарашық ауылдық округінің тұрғыны Қошқар Тураханов бар. Ардагерлер көрсетілген сый-құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Тыл ардагерлеріне құрмет көрсету ерлікке тағзым, ел тарихына құрмет.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1219070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version