Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту — жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі. Бір сәттік асығыстық пен уақытында тоқтамау көптеген ауыр жол-көлік оқиғаларына себеп болып отыр. Мұндай сәтте жүргізушінің өзі ғана емес, жолаушылар, өзге көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер де үлкен қауіпке ұшырайды.
– Өңірде 1138 жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай жол жүрген. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескертеміз: профилактикалық шаралар мен айыппұлдар азаматтардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ мүлкін қорғауға бағытталған. Жол қиылыстарынан өту ережелері мен бағдаршам сигналдарын қатаң сақтаңыздар! Сары және қызыл сигналдар — тыйым салатын белгілер. Қиылыстан «үлгеріп өтемін» деу — уақыт үнемдеу емес, қайғылы жағдайға бастайтын қадам, – деп хабарлайды Павлодар облысының ПД.
Алайда қауіпсіздік тек жүргізушілерге ғана байланысты емес. Жолды тек жасыл сигнал жанғанда кесіп өтіңіздер. Жолға шығар алдында барлық көліктің толық тоқтағанына көз жеткізіңіздер.
Есіңізде болсын, жол немқұрайлылық пен қателікті кешірмейді. Бағдаршам сигналдарын сақтау — жеке қауіпсіздіктің және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1218931?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау