II Халықаралық “Заң мен тәртіп” фотобайқауы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Байқауға кәсіби және әуесқой фотографтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің шығармашылық өкілдері қатыса алады. Конкурсқа арналған жұмыстар төмендегі үш номинация бойынша қабылданады: 1. “Заң мен тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі” 2. “Цифрлық қауіпсіздік: қоғам тыныштығын күзететін заманауи технологиялар” 3. “Таза Қазақстан: тәртіп тазалықтан басталады”  Жұмыстарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусымға дейін жалғасады. Жұмыстар электрондық пошта арқылы қабылданады: Polisia.kz@bk.ru  Қатысу талаптары: Бір қатысушыдан 3 фотосуретке дейін қабылданады; Жұмыстар JPEG форматында қабылданады; Сапасы кемінде 5 MP, 300 dpi болу керек; Әр фотосуретке тиісті номинация көрсетілген қысқаша сипаттама қоса берілуі қажет.  Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1218521?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version