Онлайн бюджеттік мониторинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті  бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторингі» жүзеге асырады.

«Онлайн бюджеттік мониторинг» модулі ақша қаражатының аударылуын бақылауға және бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Олар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге бағытталған.

Онлайн бюджеттік мониторингті енгізу кезеңінде Департамент тарапынан төлемдері жоғары тәуекел деңгейіне ие білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлеріне қатысты 1 252 мониторинг нысанына хабарламалар жіберілді.

Оның ішінде: білім беру саласы бойынша 788 нысанға хабарлама жіберілді;

Денсаулық сақтау бойынша 97 нысанға хабарлама жіберілді;

Мәдениет және спорт саласы бойынша 367 нысанға хабарлама жіберілді.

Мәдениет саласында 169 хабарлама жіберілді. Тиісті материалдармен расталған 1,1 млн теңге сомасындағы бұзушылықтар анықталып, атқарылған шаралардың нәтижесінде кері қайтарылды.

 «Онлайн – бюджеттік мониторинг» модулі қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтаудың тиімді құралы ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Жетісу облысы  бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивті бақылауды күшейту және бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-edu/press/news/details/1219132?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version