Қараусыз қалған велосипед — қаскөйлер үшін оңай олжа

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қараусыз қалған велосипед — қаскөйлер үшін оңай олжа

Ауа-райы жылынса тұрғындар серуендеу, спортпен шұғылдану және қала ішінде жүріп-тұру үшін велосипедті жиі пайдалана бастайды.
Дегенмен, велосипед иелері мынаны есте сақтауы маңызды: қараусыз қалған велосипед ұрылар үшін оңай олжаға айналуы мүмкін.

Көбінесе азаматтар велосипедтерін дүкендердің жанына, тұрғын үйлердің ауласына қалдырып кетеді немесе «мүлкімді қорғауға осы да жетеді» деген қате түсінікпен сенімсіз аспалы құлыптармен бекітіп қоя салады.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мүлкіңізді сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін ескертеді.

Полиция мынадай кеңес береді:

  • велосипедті тіпті бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырмаңыз;
  • ұрлыққа қарсы сенімді құлыптарды пайдаланыңыз;
  • велосипедті кіреберістер мен баспалдақ алаңдарында сақтамаңыз;
  • оны тек берік, қозғалмайтын конструкцияларға бекітіңіз;
  • құжаттарды сақтап, велосипедтің сериялық нөмірін жазып алыңыз.

Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз немесе ұрлықтың құрбаны болсаңыз, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сақтық пен уақытылы қабылданған алдын алу шаралары мүлкіңізді сақтауға көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1219133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version