САУРАН АУДАНЫНДА «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН – ҚАЗАҚСТАН» МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданы әкімдігінің алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, барша тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Өз құттықтау сөзінде аудан басшысы еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың басты құндылық екенін атап өтіп, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді. Ол Қазақстан халқының бірлігі ел дамуының берік негізі екенін атап өтті. Мерекелік бағдарлама аясында түрлі этнос өкілдерінің мәдени өнер көрсетулері ұсынылды. «Ұлттар достығы» биі, патриоттық әндер мен этно-мәдени бірлестіктердің шығармашылық нөмірлері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында өнерпаздар бір сахнада бас қосып, бейбітшілік пен татулықтың символы ретінде салтанатты ән орындалды. Бұл көрініс көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Аталған мерекелік шара аудан тұрғындарының бірлігін бекемдеп, достық пен келісімнің жарқын үлгісін көрсетті.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1219037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version